Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты:Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың
алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын
ойнамағандықтан қартаямыз. "
Бернард шоу
Қатысушылар:мұғалімдер
Жұмыс түрі:топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар:тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.
Жоспар:
1. Жаттығу "Хор"
2. Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)
3. Оқушы көзімен
4. Арт-терапиялық жаттығу. "Кезекпен сурет"
5. Жаттығу "Комплимент"
6. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т. б.
Жүргізуші:Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушыл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>