Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Золотой ключик" бөбекжай-балабақшасы МКҚК




"Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту"






Құрастырған: Садыкова Ж. Б.


2015 жыл

Құрастырған: Садыкова Ж. Б. Арқалық қаласы,
"Золотой ключик" бөбекжай-балабақшасы МКҚК педагог-психологы




Пікір жазғандар:








Бұл бағдарламада мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту жолдары қарастырылған. Бала қиялын бейнелеу өнері, жапсыру, мүсіндеу, ертегі, әңгіме құрастыру арқылы дамытудың тәсілдері мен қызықты ойындар көрсетілген. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, мектеп алды даярлық сыныптарының мұғалімдеріне, балабақша, мектеп психологтарына арналған.








Түсінік хат

Қиялдың алғашқы көріністері 3 жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен ден қоюынан аңғаруға болады. Бір қарағанда жас бала қиялға өте бай сияқты боп көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі, бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап отырады. Мысалы, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны (ұқсамаса да) шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды.
Қиял да басқа психикалық үдерістер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап, шығармашылық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Сондықтан да осы кезеңдегі бала қиялын әрі қарай дамыту мақсатында бұл бағдарлама құрастырылды. Алғашқы қиял көрініс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: