Мектепке дейінгі балалардың
грамматикалық дағдларын қалыптастыру
Кіріспе
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арналған жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады" деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы -- бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту -- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: "білім беру жүйесінің басым міндеттеріңде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту" -- деп атап көрсеткен. Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту, жалпы білім беретін XXI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау, балалардың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру туралы ұғым беру.
Жұмыстың міндеті:
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принциптерін басшылыққа алу;
- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;
- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Жұмыстың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>