оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал. Сонымен бірге, ойын балалардың психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Ойын - бір жағынан баланы бірден қуаышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған. Өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады. Сонымен бала өмірінен маңызды орын алатын оқытудың бір түрі-ойын, жаттығулар екені анық. Олай болса "оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық" деген пікірді ұстана отырып, балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейін
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>