Мектепке дейінгі балалардың қабілетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

л арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
-Дидактикалық ойындарды оқыту әдісі ретінде қолданған кезде, сабақтарда қызығушылық элементтерін қолдану жолдарын көрсету.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқан кезде, дидактикалық ойыншықтар мен материалдарға көбірек көңіл бөлу арқылы балалар белсенділігін арттыру.
Нәрестелерге ойындардың мәнділігін, оларды өткізудің әдістерін ойластыра отырып балаларға әсер ете білу, дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды қамтуға тырысу, ойын-сабақтар арқылы тиімді білім беріп, "қабылдау, ойлану, сөйлеу" психикалық процестерін жетілдіру, баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамыту.
Білім беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдердің бірі "ойын", және "жаттығу". Бұл әдістемелік тәсіл ашық алаңда өткізіліп, балалардың емін-еркін әрекет етіп, топта жақсы көңіл күй туғызатын, жаңа

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: