дан өтіп жатқан материалдар бойынша игерген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған әдіс. Ойын әрекеттері мен жаттығулар жүргізу арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалардың ойын әрекеті қашан да олардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынастың пайда болуы және дамуымен байланысты. Ойында әр баланың ұстанымы белсенді болады: ол өзі ойнағысы келгенде және ойынға қызыққанда ойнайды, ойнауға керек жолдасты белсене іздейді, олармен белгілі қарым-қатынаста болады. Балалар ойынды өздері ойлап табады, ұйымдастырады, өздері ойнайтын топ құрады, олардың құрамын да өздері өзгертеді. Балалар ұжымдық ойнау кезінде топтасады, сөйтіп олардың арасында жолдастық қатынастар қалыптасады. Мұндай ойындар мен жаттығулар, қызығы да құпиясы мол танымдық ойын тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары артады, ізденгіштікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ұшқыр ойлай білуге, табандылыққа үйретеді, құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгертеді. Сондай-ақ ой-өрісті кеңейтіп, балалардың зерделі тынығуларына мүмкіндік береді.
Жалпы педагогикалық процесте ойын, оқу-тәрбие жұмыстарының құрамы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтумен қоса, мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпалын тигізетін жетекші құрал. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды.
Өйткені алдымен ненің болсын бастар қайнар көзі болатын белгілі. Демек, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылатын
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>