Мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

" Мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру "
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады", - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: "Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді", - деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. Тәрбие ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа негізделеді: әдеп, әдептілік негізі ұлттық қолданысқа айналса, оны халық салт немесе заң дейді. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады. Ұлттық салт-сана - рәсім, рәміз, кәде, жөн-жоралығы, ырым, тыйым т. б. өмір қолданыстары арқылы іске асырылады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе. "Адам ұрпағымен мың жасайды" десе, мың жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қарашаңырағын сақтап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған. Отбасының тәрбиесіне ата мен баланың денсаулығы, материалды-экономикалық жағдайы, отбасының мүшелерінің саны, туған жері, бәрі-бәрі әсерін тигізеді.
Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де, білікті, мәдени ой-өріс өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: