насымен жеке сұхбат жүргізу, отбасына бару, баланы бақылау, отбасына қатысты тақырыптарға салынған суреттерін зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Ата-анамен жұмыста көрнекті ақпарат беретін "Ата-ан" бұрышы жасалып, онда ата-аналардың құқығы мен міндеттері, педагогикалық және дәрігерлік кеңестермен хабарландырулар, балалардың жеткен жетістіктері, шығармашылығы туралы ақпараттар ілінеді. Ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс істеудің дәстүрлі "ашық есік" күндері, жеке жіне топтық сұхбаттар, ортақ жетістіктер және проблемаларға қатысты ішінара топтық кеңестері, жас ата-аналармен семинар-практикумдар, топтық ата-ана жиналыстары (тоқсанына 1 рет), конференция оқу жылына 1 рет өткізілу керек.
Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, дамытуды мақсат етеді. Ол үшін мынандай жұмыс формаларын пайдалануға болады:
Сабақтарды шағын топтармен өткізу;
Әр баламен жеке жұмыс жүргізуге басым көңіл бөлу;
Ерекше қабілетті және бұрын балабақшаға қамтылған балалармен арнайы жұмыс жүргізу;
Тәрбиешінің балалармен пікір алмасуы (баланың өз көзқарасын, пікірін батыл айта білуіне, өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеуіне мүмкіндік туғызу мақсатында);
Балалардың іс-әрекетін қатаң шектеуден бас тарту;
Педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынастың тең құқылы серіктестікке құрылуы.
Мектепалды даярлық жұмысының мазмұны келесі бағыттар бойынша бағдарламаға сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік кешен негізінде арнайы ұұйымдастырылған сабақтар түрінде жүзеге асырылады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3