зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Баланы мектепалды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық, тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықта өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндеті: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы ( ата-ана, тәрбиеші, мұғалім) және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз Отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму "эстетикалық" барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды (ән, көркем әдебиет, бейнелеу өнерін) қалыптастырады.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. 5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Ата-аналармен жұмыс. Мектепалды даярлық топтарында балалардың отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ата-аналармен сауалнамаларға жауап алу бала және оның ата-а
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>