МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

ету үшін, сөздік қорларын байыту үшін, ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.
Диалогтік сөйлеу ойындарына «Буынға буын қос», «Телефон», «Дастарқан мәзірі» т. б. ойындарды жатқызуға болады. Бұл балаларды ойын барысында бір нәрсе туралы сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйретіп отырады.
Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар үлкен орын алады. «Біздің көңіл-күйіміз», «Қоянның көңіл-күйі» т. б. арқылы ым, мимиканы, әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді айту және оларды салып, көрсетуге үйрету. Балалар дауыс ырғағымен қуану, ренжу, жылау т. б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді. Бұндай ойындар балаларға жақын. Егер олар мектепте де жалғасын тапса, өте жақсы болар еді. Ол үшін мектеп пен балабақша мұғалімдері тығыз байланыста жұмыс істеулері керек. Бір шағын ауданда тұратын жоғарыда аталған екі оқу орнының қазақ тілі мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына, түзету жұмыстарына қатысып, пікір алысып, ортақ педагогикалық консилиумдер өткізулері керек. Балабақша мұғалімдері ата-аналарды балабақша талаптарымен таныстырса, мектеп мұғалімдері оларды алдын-ала мектеп талаптарымен таныстырулары керек.
Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы уақыт – «бабалық шақ» деп аталатын адам дамуындағы елеулі бір кезең. Сабақтастық мәселесі балабақша мен бастауыш мектептің тығыз байланыста болуымен шешілуі мүмкін. Өйткені, бұл сабақтастықтан бәрі де ұтады, әсіресе – балалар. Ал балалар үшін бұл мәселені шешуде уақытты да, күшті де табуға болады.




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: