МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

алға қойылды.
Балабақшада жұмыс істейтін қазақ тілі мұғалімдерінің негізгі мақсаттарының бірі – еліміздің мемлекеттік тілімен мектеп жасына дейінгі балаларды ең алғаш таныстыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін, оның әсемділігі мен қажеттілігін түсіндіру, қазақ тілін сүйсініп оқуға талпындыру, ынталандыру.
$мен сөдік қорын дамыту керек. Осыған байланысты балалардың күнделікті сабақтардан алған білімдерін бекітуде, сөздік қорларының белсенділігін арттыруда, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы: ауызша түсіндіру, көрнекілік әдісі, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру, дидактикалық ойындар т. б.
Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Бұл ойындар баланың ақыл-ойын дамытады, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойында саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Бұл ойындарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Бұл ойындарды үш түрге бөлуге болады: монологтік, диалогтік сөйлеуге арналған ойындар және имитациялық ойындар.
Монологтік сөлеу ойындарына «Затты сипатта», «Не артық?», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Жалпы атауын бер» тағы басқа ойындарды жатқызуға болады. Бұл ойындар жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: