МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Досанова Нұрсұлу Маратқызы
06. 05. 1976
«Ақбұлақ» мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Өз ісіне тиянақты, жауапты, қызметкерлер арасында ұйымдастыру қабілеті жоғары. Жас тәлімгерлерге әрдайым көмектесіп бағыт-бағдар беріп отырды. Өзін-өзі тану бойынша қалалық әдістемелік күніңде даярлық топта «Добрые поступки» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Балабақша, қалалық және республикалық шараларға белсене қатысады. Тамыз конференциясының әдістемелік бірлестігінде баяндама оқыды. Жас мамандардың шығармашылық топ жетекшісі. Әрқашан үлкен ізденіспен, жаңа әдістерді қолдана отырып, сабақтарын қызықты, сауатты өткізеді, жаңашыл педагогтардың және озатты педагогикалық іс-тәжірибелерді өз жұмыс барысында қолдана біледі.
Ата-аналар мен ұжым алдында еңбегі сіңген, беделді, тәжірибелі, ой-өрісі кең педагог.
МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ –
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ӨЗ ОЙЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАНЫ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасының өзгеріп жатқан саяси және экономикалық-әлеуметтік жағдайлары мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің теориялық болмысы мен әдістемелік мәселелеріне жаңаша қарау, мемлекеттік тілді басым оқытуды, жаңа белестерге көтеру талабын күн тәртібіне бар айқындығымен қойып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауындағы жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты.
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: