Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Қабырға негізгі орта мектебі»КММ.
Ошаева Маржан Шамалхановна математика пәнінің мұғалімі.
Жаңа ғасырдағы жоғары технологиялық өндіріс білім беру саласына жаңа талаптар қоймақ. Ендеше соған сәйкес әдістемелік, психологиялық, дидактикалық жаңалықтарды меңгеруге тура келеді. Сабақтың бұл кезеңі үлкен, алдын-ала даярлық жасауды қажет етеді. Мұғалім әр тақырыпты өтпес бұрын оқушылардан сол тақырыпқа даярлануды талап ете білуі керек. Баланы бірінші күннен бастап тәртіпке үйретіп алмаса, нәтижесі төмен болады. 5-сынып оқулығында «Ең үлкен ортақ бөлгіш»тақырыбының алдында сол сабаққа даярлық сұрақтары бар. Тақырып өтілерден бір күн бұрын балалар сол сұрақтарға өз беттерінше жауап жазуы керек. Мысалы:
15 саны қай сандарға бөлінеді?
Ең кіші және ең үлкен бөлгіш қай сандар?
7 санының бөлгіштерін табыңдар.
Бала осы қиын емес сұрақтарға жауап тауып, аздап ізденіс жасаса жаңа материалды тез меңгереді. Бұл жерде оқушы 15-тің 4 бөлгіші барын, ең кіші бөлгіші бір де, ең үлкен бөлгіші өзі екенін, 7-нің 2 ғана бөлгіші барын түсінеді. Ең аз бөлгіш екеу екенін пайымдайды да, кейін сандардың бөлгіштері екіден көп болғанын болжайды. Сөйтіп, оқушы жаңа сабақты түсінуге психологиялық-дидактикалық жағынан даяр болы шығады да, оқушыда өзіне деген сенім қалыптасады. Енді мұғалім осы тақырыты түсіндіруде баланың үйден даярланған біліктерін сұрақ қою арқылы өрбіте отырып, нақты мысалдармен аз уақытта тиімді әдіспен түсіндірсе, оқушы есіне ұзақ уақыт сақталады. Түсіндіру кезінде мұғалім бір типті есептерді шығарып, мысалдар келтірсе, оқушының зейіні төмендейді. Сондықтан, жаңа сабақты меңгертуде;
оқушыға бір типті есептерді шығартса, есеп шығаруда бір ғана операция-амал жүзеге асырылса, оқушының амалды таңдау мүмкіндігі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: