Дидактикалық ойындар
1-сыныптағы математикадан қолданылатын дидактикалық ойындардың жіктемесі төмендегідей болды:
1. Он көлемдегі сандардың атауын, ретін, меңгертуге бағытталған дидактикалық ойындар: санамақ - ойындар, жұмбақ - ойындар, "Тізбек", "Поезд", "Орнынды тап", "Көрші-көрші", тт. б.
2. Он көлемдегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған ойын: "Мынау кімнің үйі?", "Допты қай ойыншыға беру керек?", "Хаттың иесі кім?", "Керекті санды қой?", т. б.
3. Он көлемдегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар: "Айға кім бұрын жетеді?", "Есептеуіш машиналар", "Дүкен", "Десанттар", "Баспалдақ", "Аң патшасы", "Орамал тастамақ", "Ханталапай", "Қасқыр мен қой", "Теңге алу", т. б.
4. Қарапайым геометриялық материалды меңгертуге бағытталған дидактикалық ойындар: "Геометриялық эстафета", "Ою құрастыру", "Фигураны тап", "Бірден сызып шық", "Сыр сандықты ашып қара", т. б.
5. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында бағытталған дидактикалық ойындар мен ұлттық ойындарды кеңінен қолдануң маңызы зор. Әсіресе өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде ойынды қөолдану пайдалы. Мысалы, мұғалімдер математикалық лото, домино ойындарын т. б. саяхат, почта, санамақ, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды қолданады.
6. Әрбір ойынның өзіндік ережесі мен ойнау тәртібін біліп, рөлдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. 2
"Кім алғыр"
Дидактикалық мақсаты: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есепте
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>