тыру" ойыны
Дидактикалық мақсаты: 1- ді қосу кестесін қайталату.
Көрнекілігі: 1- ді қосу кестесі берілген карточкалар, 01, 11, 21, т. с. с.
Мазмұны: Мұғалім карточкаларды таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен "тепловозға" ретімен тіркелуі тиіс.
"Нүктелерді қос" ойыны
Дидактикалық мақсаты: Түзу, үшбұрыш, тікбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керісінше атату.
Көрнекілігі: Нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелері.
Мазмұны: Қағаз бетіндегі нүктелерді қосу арқылы бейнелерді анықтау, атын атату. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарын тыңғдау. Нүктелерді нөмірлету, сандарды тура және керісінше атату.
"Дәл осындай пішінді тап"
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Көрнекілігі: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
"Үйдің есігін жабайық"
Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
"Вагондарға дөңгелек таңдау"
Мақсаты: Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>