бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В. И. Кем, Б. А. Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
566. Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000 см2. Оның топыраққа түсіретін қысым қандай?
569. Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші: 6 кН/м2, 60 Н/см2, 600 Па?
575. Массасы 78 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м, ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
586. Көлемі 6 м3, табанының ауданы 1,5 м2 гранит бағананың топыраққа түсіретін қысым қандай?
611. Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр пішіндес ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.
627. Гидравликалық престің кіші піскегінің көлденең қимасының ауданы 10 см2 және оған түсіретін күш 200 Н. Үлкен піскегінің ауданы 200 см2. Оған қандай күш әсер етеді?
632. Аквариум ернеуіне шейін суға толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариумның қабырғасына шамамен қандай күш түседі?
716. Өлшемі 3,5х1,5х0,2 м3 темір бетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар.
712. Судағы көлемі 100 м3 ағаш кесек пен көлемі сондай темір затқа әсер ететін кері итеруші күштері бірдей ме?
IV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: 56. 57. Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.
Сабақ мақсаты:
Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.
Өмірден мысалдар келт
Страницы: << < 48 | 49 | 50 | 51 | 52 > >>