і?
Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәжірибе:
Суды суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.
Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:
Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?
Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады.
IV. Есептер шығару. (Есептер мен жаттығулар жинағы. 7-сынып, В. И. Кем, Б. А. Кронгарт. ).
710, 712, 716, 723.
V. Пысықтау.
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: 55. 29-ж. 1, 3, 4.
7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың «Қысым» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
Страницы: << < 47 | 48 | 49 | 50 | 51 > >>