Математика пәнінен сайыс жоспары

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>

ақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
ІV. Пысықтау.
Материялық нүкте деген не?
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға тәуелді бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?
Орын ауыстыру деп нені айтады?
Жүрілген жол дегеніміз не?
V. Тапсырмалар орындау.
10-тапсырма.
VІ. Үйге тапсырма: 21. 23. 6-жаттығу.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Қорытындылау.
7-cынып.
Сабақ тақырыбы: 24, 25. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақ мақсаты:
1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Материялық нүкте деген не?
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.
Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?
Орын ауыстыру деп нені айтады?
Жүрілген жол дегеніміз не?
.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21 | 22  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: