Математика ханшайымынан келген хат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Математика ханшайымынан келген хат"
Мақсаты: Балаларға өткен жыл мезгілдері оның айлары, апта күндері, тәулік бөліктері туралы, пішіндерді ажыратып айтуды және оған ұқсас заттарды атауды, 1 ден 10 ға дейінгі санауды және 1 ден 10 ға дейінгі логикалық есептер шығару қабілеттерін дамыту. Халықтық педагогиканың жанрлары мақал-мәтел, санамақ, жаңылтпаштарды айту қабілеттерін жақсарту. Әр түрлі ойындар арқылы математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі: инерактивті тақта, үлестірмелі құралдар.
Жүру барысы:
Ханшайым:
Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
Ой, сәлеметсіз бе! Жүріңіз математика елін тамашалаңыз!
Тәрбиеші:
Рахмет. Мен осы уақытта топта болуым керек еді.
Ханшайым:
Жоооқ сіз кетпеңіз, сіз біздің елімізді тамашалаңыз!
Тәрбиеші:
Ой математика ханшайымы менің оған уақытым жоқ қой! Мені балалар күтіп отыр.
Ханшайым:
Ал топтағы балаларыңыз математика оқу іс-әрекетін жақсы көре ме?
Тәрбиеші:
Олар математика оқу іс-әрекетін өте жақсы көреді. Оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатысады.
Ханшайым:
Олай болса мен сізден тапсырмалар толы хатты балаларға беріп жіберейін, балалар бұл тапсырмалардың бәрін жақсы, дұрыс орындаса, сіз балаларды математика елін тамашалауға алып келіңіз. Жарай ма?
Тәрбиеші:
Жарайды. Мен кетейін, балалар мені күтіп отырған шығар. Рахмет. Сауболыңыз!
Тәрбиеші:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге келе жатып математика ханшайымын кездестірдім. Ол сендерге мына тапсырма толы хатты беріп жіберді.
Балаларға хатты оқу:
-Сәлеметсіңдер ме, сүйкімді де, ақылды балалар! Мен сендерге тапсырма толы хат жолдадым. Егерде сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерді математика елінде қарсы алатын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: