Математика ханшайымынан келген хат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лестірмелі материалмен жұмыс.

Тақтадағы суретпен қолдарындағы суреттерді санап, салыстырып, қанша болса, сонша деп жауап береді.
Сөзжұмбақ шешуді білеміз бе? Сөзжұмбақ та бар екен мұнда.
Балалар сендер жұмбақ есептердің нәтижесін дұрыс айтсаңдар, соның нәтижесіне тең цифрларды ашып, бір сөзді оқи аласыңдар - дейді.
Жұмбақ есептерді шешіп сөзді оқиды.

1. Түйенің 4 ботасы,
Асыр салды алаңқайда.
Екеуі кеп әлдеқайдан,
Әлгілерге қосылды.
Ойын әрі созылды,
Енді олардың саны нешеу болды? (6)

2. Зауза қоңыз болған екен,
Бұта түбін қылған мекен.
Ұл мен қызы, әке шеше,
Сонда қоңыз екен неше? (4)

3. Есік алдында күшік отыр,
Күнге төсін тосып отыр,
Тағы бірі келді шауып,
Қатарласты ебін тауып,
Есік алдында қанша күшік отыр? (2)

4. Бес алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (3)

Жарайсыңдар, балалар, қандай сөз шықты? Кім оқиды?
Отан сөзі. Дұрыс, жарайсыңдар!

Д/О: "Пішіндерді орналастыр"

Оң жақ жоғарғы бөлігіне 5 дөңгелек
Сол жақ жоғарғы бөлігіне 4 үшбұрыш
Оң жақ төменгі бөлігіне 2 шаршы
Сол жақ төменгі бөлігіне 3 сопақша орналастырамыз.
Ал, енді балалар тапсырманы дұрыс орындадық па екен тексеріп көрейік. Тақтадағы орындалған тапсырма мен алдымыздағы тапсырманы тексерейік, қатесі болса, дұрыстайық.



Д/О: "Алма кімге бұйырады?"
Балалар алмадағы есепті шығарып, нәтижесін дұрыс айтқан бала алманы өзіне алады.

Сергіту сәті:
Ептеп-ептеп, жерден бидай терейік,
Тергенімізді торғайларға берейік.
Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін,
Шаршадың ба, отыра ғо

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: