Матадан гүл жасау

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Бізде 5 жапырақ болады. Сондықтан қызыл лентадан 5 дана және ақ лентадан 5 дана квадрат пішінде кесіп аламыз. Ақ лентаның көлемі қызыл лентадан сәл кішілеу болуы тиіс.
2) Екі лентаны алып, диагональ бойынша бүктейміз.

3) Диагональ бойынша бүктелген қызыл лентамыздың үстіне ақ лентаны қоямыз. Жұмысымыз ары қарай оңай болу үшін инемен қадап қоямыз.

4) Екі лентаның да бұрыштарын жоғары қарай бүктейміз.

5) Кейін келесі бұрышын бүктейміз.

6) Енді лентамызды ортасынан сыртқа қарай бүктейміз

7) Сол жағындағы бұрышты ұстап тұрып, оң жағындағы бұрышты көзбен шамалап қырқамыз.

8) Жақсылап ұстап тұрып, жоғарысындағы ұшын қырқып тастаймыз.

9) Енді бас жағын сіріңкемен күйдіріп жабыстыруға болады. Бырақ қауіпсіздік үшін оның бас жағын іне жіппен тіккен дұрыс.

10) Тіккеннен кейін мынадай көріністе болады. Бұл төменгі жағы.

11) Ал мынау жоғары жағы. Әдемі көріну үшін ішіндегі ақ жапырақшаны қолмен тегістеп қою керек.

12) Дәл осы жолмен қалған төрт жапырақшаны дайындап аламыз.

13) Енді барлық жапырақшаларды тігіп, жинақтаймыз.

14) Гүліміздің жапырақшаларын жинағанда артынан мынадай көрінеді.

15) Ал мынау беткі жағы.

16) Гүліміздің төменгі жағын домалақ пішінді лентамен қаптап, тігіп қоямыз.

17) Жұмысымыздың соңында гүліміз әдемі көріну үшін сәнді түймемізді ортасына қадап қоямыз.

Міне гүліміз дайын.

Мұндай гүлдермен, көйлектерді, себеттерді және шашқа арналған қыстырғыштарды сәндеуге болады
Ағымдағы нұсқаулар: (Дайын панно)
- Сендердің жұмыстарыңның нәтижесін біз мына ұжымдық панно арқылы көрсетеміз. Ол үшін біз алдын - ала дайындалған, матамен көмкерілген картонды аламыз. Дайын раушан гүлдерін осында әрт

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: