Матадан гүл жасау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ерінің әдемілігінен айырлады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
- Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. 8, 9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.
Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат - біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана сіз еш қиындықсыз гүлдің түр - түрін жасай алатын боласыз.
5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд
Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).
1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуіш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: