Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары»
тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
Халық ауыз әдебиетінің мұраларын тарихи деректермен салыстыруда академик Әлкей Марғұланның еңбегі орасан зор. Оны ғұлама ғалымның «Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі», «Ежелгі дәуірдегі халықтың аңыздары», «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер», «Кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Қорқыт туралы қазақтың қара сөздері», «Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар», «Қорқыт бұрынғы ғалымдар мен ақындар есінде», «Қорқыт кітабының қазақ аңыздарындағы елесі», «Қорқыт жүрген жерлер», «Қорқыт музыкасындағы дәстүрлер», «Қорқыттың өліммен күресі», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Жырдың варианттары», «Қазақтың ерлік жырларындағы әлеуметтік сарындар», «Манас жырын жинастыру тарихынан», «Манас жырының мазмұны мен сюжет кұрылысы» т. б. еңбектерінен анық көреміз.
Әлкей Марғұлан Ленинградта оқыған жылдарында С. Ф. Ольденбургтен үнді фольклоры мен өнері, Ю. И. Крачковскиден араб филологиясы, Е. Э. Бертельстен парсы поэзиясы, С. Е. Маловтан көне түркі тілдері, А. Н. Самойловичтен Орта Азия халықтарының әдебиеті, Н. Я. Марр мен И. И. Мещаниновтан, ВЛ. Щербадан тілтану туралы дәрістер тыңдаған. В. В. Струве, Б. Я. Владимирцев, Б. М. Эйхенбаум, С. И. Руденко, А. Ю. Якубовский секілді белгілі шығыстанушылардың дәрістеріне қатысып, еңбектерін оқумен қатар сол тұлғалардың өздерімен де жақын танысып, пікірлесіп, білісіп жүргенге ұқсайды. Ленинградта басылып шыққан «Қазақтар» деген ғылыми жинақта Әлкей Марғұланның «Наймандар» атты көлемді мақаласы жарық көрген.
Ә. Марғұлан эпостық шығармалардың шығу тарихын әлеуметтік өмірмен байланыстыра зерттеген. Онда да жыр мазмұнын құрғақ талдамай, оларды көне қытай, моңғол, ұйғыр, түрік жазба ескерткіштеріне, тарихи деректерге сүйене отырып қарастырған.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: