қарсы алыңыз, оның сабақ-тан шаршап келгенін ескеріңіз. 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады. 7. Мек-тептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 9. "Егер сен осы сабақты орындамасаң" деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 10. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балалары-ңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз. 11. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. 12. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз т. б.
Ата - анамен бірлесе жұмыс істесек көптеген табысты жетістіктерге жетуге болады. Сонда сыныптың ата - аналары да белсенділік жағынан жоғары деңгейде болады деп айта аламын. Табысты ата-ананың моделі қандай болу керек? дегенде ана-аналар плакатқа мынадай сызба сызып көрсетті.
Қосымша-1
Отбасының тәрбиесі, мәдениеті, жетістігі мен дәстүрі ата-ананың өресіне, білімі мен қадір - қасиетіне тікелей байланысты. Ата-аналардың мектепке, сынып жетекшіге, баласына деген көз қарасын зерттеп қарасақ мынадай нәтиже беріп отыр. Сыныптың ата-аналары-24. "Міндетіңізді дұрыс атқарып жүрсіз бе?" деген қарапайым сауалнама кестесін толтыру тапсырдым.
Қосымша-2
Реті Ата-аналар міндеттері Жауап түрлері Ия,
Үнемі, Жоқ, Кейде ғана, Мәжбүрлегенде,
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыстасыз ба? Ия, Жоқ, Кейде ғана 20 - 4
2. Сабақтан келген б
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>