Мұғалімнің ата-анамен қарым-қатынасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

"Кездейсоқ жағдайдан шығу". 1. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап аласыз?
2. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде "ұялы телефон" бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Үйде алып бер деп мазаңызды алады. Сабаққа барғысы келмейді сіз не істейсіз? 3. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң "өздерің қадағалаңдар" деп әкеліп береді. Ал балаңыз тәрбиеге еш көнер емес, не істейміз? 4. Балаңыз диктант дәптерін үйге әкелді. жазба жұмысынан "4" деген баға алған. Қатесін сіз де, балаңыз да көріп тұрсыздар, ал пән мұғалімі оны жөндемеген. Сіз балаңызға неліктен жөндемегенін балаға қалай түсіндіресіз?
5 - жаттығу "Ұжымдық жұмыс" Аналар сұрақтарға жауап береді. 1. Бала дегеніміз кім?
2. Бала жақсы өмір сүру үшін, қандай жақсы қасиеттер керек? 3. Баланы мадақтау деген не?
6 - жаттығу "Мақалды жалғастыр. . . " Тақтадағы мақалдарды жалғастыру.
7 - жаттығу "Сөз-тапқанға қолқа жоқ" БАҚЫТ, БАЛА, БАЗАР, БЕСІК. Осы сөздерді қатыстыра отырып, өз ойларыңызды бір ауыз сөзбен қорытындылаңыздар.
8 - жаттығу "Шым шытырық" Ортаға шығып шебер құрамыз. Мен біреуге оралған жіпті лақтырамын. Оның атын айтамын және оның маған ұнайтын мінезін, жақсы қасиетін айта отырып тілек тілеймін. Келесі адамға жалғасады. Жіп соңында өзіме келуі тиіс.
Ата-аналармен жұмыстың тағы бір түрі сұхбаттасу.
2. Сұхбаттасу сұрақ-жауаптары.
1. Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? Әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
2. Сіз қандай ата - анасыз?
3. Қайтсек ұлымыз - ұлағатты, қызымыз инабаты болады?
4. Отбасыңызда ұлттық салт - дәстүріңізді қалай насихатсыз?

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: