ндей, іркіліп қалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырған Елікке қадады:
-Сен неге үндемейсің?
Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның алдына келіп:
Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады. Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.
Сұрақтар:
-Аңдардың табиғатқа деген көз қарасы қандай?
-Елік табиғат сұлулығын қалай бағалады?
-Табиғат сұлулығы қандай сезімге бөлейді?
5. Дәйексөз.
"Сүйіспеншілік -- жүректен".
Ш. Құдайбердіұлы
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
6. Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма: Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді хат арқылы жолдайық. (Балалар хатты сыныптағы почта жәшігіне салады. Сол хаттарды ата-аналар жиналысында беріліп, аналары өз ойлары мен бөліседі).
2-тапсырма: Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну.
(Балалар шығармашылығы)
1-ші топқа
Отан
2-ші топқа
Табиғат
7. Топпен ән айту. "Бақыт құшағында"
Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма, білмедім.
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.
Қайырмасы.
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым таң нұрынан ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.
8. Үй тапсырмасы.
11 сабақ Отбасы татулығы
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй да
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>