Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
10 сабақ
Тақырып:Махаббат - өмір өзегі Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, сыйластық, махаббат
Мұғалiм:Жандосова. А. Ж Сынып- 5
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
-"махаббат", "сүйіспеншілік" ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
-сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту
-оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар:
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, "Өзін- өзі тану" сабағының ережесін "5-Т" қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын "5 затты" тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
2. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Ті
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>