ліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . . Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
10 сабақ. Туған ел
4. Мұғалімнің сыйы. Көктем сәні
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. - Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. - Көктем сәні неде?
-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.
-Тоғай,-деді Қоян.
-Тау мен тас,-деді Арқар.
-Дала,-деді Қасқыр.
-Ашық аспан,-деді Түлкі.
Салқын самал,-деді Бұғы.
-Еңбек,-деді Піл.
-Шалқыған көңіл, деді Аю.
-Шаттық,-деді Керік.
-Күлкі,-деді Борсық.
-Жігер,-деді Есек.
-Шуақ,- деді Саршұнақ.
Аңдар айтып біттік деге
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>