«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
Тақырыбы:Мағжан Жұмабаев өмірі , шығармашылығы.
Сыныбы:
Өткізген:Тәңірберген Г. А.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
қаласы
201 -201 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі ,шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау
Дамытушылық:Білімгерлерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Білімгерлерді елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, өз бетімен жұмыс- сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың көрнекілігі:Проектор арқылы көрсетілетін ақынның суреттерінен слайдтар, аудио және бейне жазбалар,буклет.
Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі:
Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату
-Орындалған ән сіздерге таныс па?
-Тақырыбын атаңыздар?
-Сөзі мен әнінің авторы кім?
Ендеше, білімгерлер бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерімізді еске түсіріп, қорытындылауға арналады.
Білімгер:Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күші
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>