Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

не, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
(1Видео өмірі көрсетіледі)
1-кезең «Жылдар сөйлейді» 1893, 1905-1910, 1912, 1913-1916, 1917, 1918–1919, 1919–1923, 1923–1927, 1927–1929, 1936, 1937,1938.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі.
1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) мешіт жанында белгілі татар зиялысы М. Бегишев ашқан медреседе оқыды. Бегишевтен Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Омар Хайям, Низами, Науаисекілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Оның көптеген өлеңдері бар. Алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген атпен жарық көрген.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы- қасірет, күйініш те, сонымен қатар романтика, өршілдік, махаббат, арман, мақсат, үміт те бар. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінде тарихты түсіну, ақиқатқа көз жеткізу, болашақты болжай білу жайы да бар.
Мағжанның табиғат тақырыбын жырлаған «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Жел» атты өлеңдерінде әсем табиғат, сұлулық, табиғат құбылыстары, табиғат пен адамның байланысы анық көрінеді. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби-көркемөнер институтында оқып жүргенде орыс және Батыс еуропа әдебиетін беріле оқыған. Соның ішінде неміс, ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: