Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

ықтар жазып қалдырды. Ол жазған Бастауыш мектепте ана тiлi (1925), Сауатты бол (1926), Педагогика (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М. Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Ол тәрбие саласын дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi деп төртке бөледі. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiп, былай дейдi: Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын… Баланы келешек заманына лайық қылып шығару – деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Ендеше бәріміз де тәрбиелі де білімді азамат болайық деп сабағымызды аяқтаймыз.




Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: