Еңбек түбі - Зейнет
Бейнет түбі - Береке
Ұрлық түбі - Қорлық
Сөз анасы - Құлақ
Су анасы - Бұлақ
IV саты (Шығармашылық деңгей)
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
1. Әр топқа тақырып беріледі. І қатар - Ата-ана
ІІ қатар - Отан
ІІІ қатар - Еңбек
1. Тақырыпқа сай сурет.
2. Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер.
3. Оқушылар құрған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілі мен ағылшын тіліне аудар.
Ата-ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, "Қыздың ұяты - шешеге", "Шеше көрген тон пішер".
Отан тақырыбына: қызмет ету, еңбегі жану, "Отанды сүю - отбасынан басталады", "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас", "Отан үшін отқа түс - күймейсің".
Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, "Еңбек түбі - береке", "Ердің артын - еңбек шығарар".
Сабақты қорытындылау:
1. Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?
3. Мақал мен мітелдердің авторы кім?
Қорытындылау: Сөзжұмбақ.
1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.
2. Заттың атын білдіретін сөз табы.
3. Жылқы пірі.
4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
5. Жеке заттарға қойылатын атау.
6. Балаға ең қымбат.
7. Білім беретін мекеме.
8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
9. Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу.
10. Сиыр пірі.
11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
О
М
О
Н
И
М
З
А
Т
Е
С
І
М
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>