Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Мақал-мәтелдердіңерекшеліктері
Р/с
Мақал
Мәтел
1
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді
Көбіне бір бөлімді болып келеді

Әке - асқар тау, шеше - қайнар бұлақ, бала - жағасындағы құрақ
Кәрі түлкі қақпанға түспес
2
Ой неғұрлым ашық айтылады

Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы.
Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.
Көп түкірсе - көл.
3
Ақыл, өсиет түрінде келеді

Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.
Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т. б.

ІІІ Практикалық дағды кезеңі
Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.
І саты (Оқушылық деңгей)
1. Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос,ел. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып бір-екі сөйлеммен өз сезімдерін білдіреді.

ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)

126-жаттығу, Мақал-мәтелдерді аяқтау.

ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)

a) 127-жаттығу. Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.
Мақалдар
1. Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.
4. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
5. Ең әдемі сөз - ең ақылды сөз.
Мәтелдер
1. Жақсы адамға жау жоқ.
2. Кәрі түлкі қақпанға түспес.
3. Екі қораз ен қорағасыймас.
4. Ауыртпалық ақыл қосар.
5. Ұжданы ақтың жүзі ақ.
6. Қыздың көзі қысылды.
Ә) "Жылдам жауап" ойыны. Сәйкестендіру тесті.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: