Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар. . .
Дұшпаның бар ма?
-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем. . .
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман. . .
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам. )
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері - мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
-Дұшпаның бар ма? - дейсің,
Қайдан білем. . .
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.
Страницы: << < 5 | 6 | 7