М. Мақатаев шығармалары

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

лады
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег. Қаз. 1996-9 ақпан/
2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М. М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз
3. . Асылбекова А. «Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой және Мұқағалиды еске түсіру» Егемен Қазақстан, 1998-7 ақпан
4. Сүгіров С. «Хан тәңірдей асқақ туған піріміз немесе ақын рухымен сырласу» Алматы ақшамы, 1998-4 ақпан

Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!
Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді . .
Барлығы көгереді:

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: