Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. « Үш бақытым»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен жұмыс, ақынның портреті, буклеттер т. б.
Сабақтың ұстанымы:
«Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады. »
Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгін сәуірдің нешінші жұлдызы?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін далада ауа-райы қандай?
- Сенің көңіл-күйін қандай?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Жаңа сабақ.
Мұғалім: Біз, сіздермен өткен сабақта ақынның өмірбаянымен таныссақ, бүгін ақын өлеңдерін оқып, білеміз
Поэзия Пайғамбары атанған Мұқағали Мақатаевқа өлең жазудан артық бақыт жоқ еді. «Өлең менің тынысым, адал досым, жұбанышым»- деген екен ақын. Ендеше, біз сіздермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Мұғалім: Балалар, мен өлеңді мәнерлеп оқимын, мені жақсылап тыңдап отырыңдар.
Жүргізілетін жұмыс түрлері.
2. Сөздікпен жұмыс.
3. Әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіремін.
4. Өлеңді оқушыларға жеке, хормен оқытамын.
5. Өлеңнің шумақ, тармағын анықтаймын.
Тапсырмалар.
6. Балалар, сонымен ақынның үш бақыты не екен?
Халық Тіл Отан
Мұғалім:- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Халық Тіл Отан.
Қымбаттырақ алтыннан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>