р тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ленинград үшін шайқас 1941 жылдың күзінен 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 314 атқыштар дивизиясы қаланы қорғады. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға "Ленинградтық өренім" деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Сталинград үшін шайқас 1942 жылдың шілдесінде басталып - 1943 жылдың ақпан айында аяқталды.
Шайқаста ерлік көрсеткендер: Жамбыл Жабаевтың баласы Алғадай Жабаев Сталинград үшін шайқаста қаза тапты, қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров,Толыбай Мырзаев "Павлов үйің" қорғауда ерлік көрсетті. 27,72,73 дивиизиялары ерлікпен шайқасты. Минометші Қ. Сыпатаев ерлік көрсетіп, КСРО Батыры атағын алды.
Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін", - деп әскери комитетке өтініш берді.
Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>