ын төмендегі кестенің бірінші бағаның толтырамыз, қалғаны сабақ барысында толтырылады.
Бүгінгі тақырып жайында не білемін? Бүгінгі сабақта не білдім? Бүгінгі сабақ жайыңда өз ойың
IV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
Әр елдің өз тарихы бар. Тарихта адамзат баласының басынан көптеген оқиғалар өтті. Бірақ, ел тарихындағы Ұлы Отан соғысының беттері ерекше. Бүгінгі сабақта біз Ұлы Отан соғысының тарихымен танысамыз. Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады. Ал, осы соғыс қалай басталған екен? Ол үшін біз тақырыптан тыс әлем тарихына үңілеміз.
1933 жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлері болып Адольф Гитлер сайланады. Ол бірден дүниежүзілік соғысқа дайындығын бастайды. Германияда "фашизмді" орнатты. Гитлердің негізгі мақсаты-әлемді жаулап алып, билігін орнату болды. Осы мақсатпен ол 1939 жылы 1 қыркүйекте ІІ Дүниежүзілік соғысты бастады. Ең алғаш соғыс фашистік Германияның Польшаға шабуылынан басталды. "Фашизм" дегеніміз - диктаторлық билік белгісі. Ең алғаш фашизм 1919 жылы Италияда пайда болған. Оның негізін калаған Бенито Муссолини болды. Ол Гитлердің жақын жақтасы болған. Германиядағы фашизмнің негізін қалаған Адольф Гитлер. 1940 жылы желтоқсан айында КСРО мен фашистік Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Бірақ, шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
3,4 бейнебаяндарды көрсету
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>