тар саны -1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар 603 мың. Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары "Барбаросса" деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді. Бірақ, соғыс 1418 күнге созылды. 1710 елді-мекендер мен қалалар қирады. Гитлер шабуылды үш бағытта жүргізді. Бірінші бағыты Украинаға, екінші бағыты Беллорусияға ал үшінші бағыты Мәскеуге шабуылы болды.
Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйекте басталып -
1941 жылдың 6 желтоқсанында аяқталды.
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 - атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар ("28 панфиловшы") тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков "Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва" ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен "28 панфиловшы" ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай - ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшыла
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>