Ұлы Отан соғысы сандармен фактлерде

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Математика 5 сынып
"Ұлы отан соғысы сандармен фактлерде"
Математика мұғалімі, мектеп. директоры

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге "ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды" деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Карта, үлестірмелі материалдар, бейнебаяндар, үнтаспа, электонды оқулық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету;
3) Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру.
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін! (бейнебаян көрсету)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. "Ойлан, тап" ойыны
2. Оқушы шығармашылығы ("И. В. Сталин" тақырыбына тақырыптық презентацияны қорғау
Тақырыптық презентация 1
ІІІ. Жаңа тақырып
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сабағымыздың эпиграфы: "Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды"

ІV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық - "Ой түрткі салу"
- "Соғыс" деген сөзді қалай түсінесіңдер?
1 бейнебаян көрсету
Жаңа сабаққа кіріспес бұр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: