Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.
«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы – жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - дейді Абай Құнанбаев».
Абайдың бұл пікірі ойынға да толық қатысты. Ұлттық ойындар – ата бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, білудің маңызы зор.
В. А. Сухомлинский ойын туралы былай деген: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жорық іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жеңімпаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Міне, ойын дегеніміз – тыныс кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын физика пәнінде пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау, бекіту, қайталау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Оқушы өзінің ойын дамыта отырып, өзінің пікірін айтуға үйренеді. Халқымыздың ұлттық ойындарын физика сабағында қолданудың оқушылардың ұлттық мақтанышын тәрбиелеуде маңызы зор.
Ойынның түрлері сабақта әр түрлі мақсатта қолданылады. Оның біріншісі – білімділік, ал екіншісі – тәлім – тәрбиелік мақсат.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Жаңа сабақты түсіндірге

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: