ушы қатысты. Жарыстан соң бес жанкүйер былай деді: 1) Қуат - бірінші орын, ал Батыр - төртінші, 2) Серік - екінші орын, ал Батыр - төртінші, 3) Серік - екінші орын, ал Қуат - үшінші, 4) Темір - бірінші орын, ал Темір - бесінші. Жанкүйерлердің кейбірінің айтқандары дұрыс, кейбіреуінікі дұрыс емес екендігі белгілі. Орындардың дұрысында қалай үлестірілгенін тап.
15. Әртүрлі бес қаладан бес оқушы Алматыға математикадан аймақтық олимпиядаға қатысуға келді. Балалардан қайдан екендігін сұрады. Олар былай длеп жауап берді. Арынов: "Мен Атыраудан келдім, ал Ғалымов Қарағандыда тұрады". Беріков "Қарағандыда Болатов тұрады, мен Балхаштан келдім". Болатов: "мен Атыраудан келдім, ал Беріков Астанадан". Ғалымов: "мен Қарағандыдан келдім, ал Батыров - Теміртаудан". Батыров: "Ия, мен Теміртауда, Арынов Балхашта тұрады". Олардың жауаптарының қарама - қайшы екендігіне таң қалғанда, балалар былай түсіндірді: "Әркім бір пікірді дұрыс, ал екіншісін жалған айтты. Бірақ біздің жауабымыз бойынша қайдан келгенімізді әбден анықтауға болады". Оқушылардың әрқайсысы қайдан келді?
6. Дирихле принципі
1. Сыныпта 30 оқушы бар. Ермек бақылаудан 12 қате жіберді, ал қалғандарының әр қайсысының қателері одан көп емес, ең болмағанда үш оқушының жіберген қателерінің саны бірдей екенін (қатесі жоқ болуы да мүмкін) дәледе.
2. Дүкенге 25 жәшік үш сортты алма әкелді, әр жәшікте қандайда бір сортты алма бар. Бір сортты 9 жәшік алма табуға бола ма?
3. Шкафта өлшемдері де, фасондары да бірдей 5 пар ашық түсті және 5 пар қара түсті аралас бәтіңке жатыр. Кемінде бір пар (оң және сол аяққа) бір түстегі бәтіңке табылатындай етіп шкафтан таңдамай ең кемінде қанша бітіңке алуға болады?
4. 5 шабадан және олардың кілтін алып келді
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>