Логические задания по математике

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Оны көп, із кессең табасың. Міне ,бұл қазақ халқының ауыз екі тараған есебінің артықшылығы. Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланған. Тоғыздық жүйе ешбір халықта кездеспейді. Қазақтың мұра есебі - Симплекс әдісіне келсе, мүшел есебі, зекет есебі, бітір есебі, тоғыз құмалақ есебі - өз алдына бір төбе. Қазақтың қара есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше.
Олар: 1. Жұмбақ есеп
2. Өлең есеп
3. Ертегі есеп
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру - біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор.

31-Есеп. Қыңырдың жасы.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан:
- Жасың нешеде? - деп сұрапты. Сонда ол:
Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Шешуі:Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:
3(х3) - 3(х-3) 3х9 - 3х 9 18

Тексеруі:
18321;
18 - 315;
21 х 3 - 3 х 15 63 - 45 18.

Жауабы:Қыңырдың жасы 18-де.

32-Есеп. Ұрылар мен кемпір
Ертеде байлардың естігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: