Логические задания по математике

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

өрікті аламыз. Бізде 1 кг өрік өлшенген және 2 кг гір бар. Енді біз кез келген қажетті салмақтағы өрікті өлшеп ала аламыз. Соның ішінде 3 кг өрікті де. Яғни 10 кг гір тіпті қолданылмайды да.
29-Есеп. Салмақтары әр түрлі 68 монета берілген. 100 мәрте өлшеу арқылы ең жеңіл және ең ауыр монетаны қалай таба аламыз?
Жауабы: Әр екі монетаны салыстырып өлшеуді орындаймыз. Жеңілдерін бір бөлек, ауырларын бір бөлек жинаймыз. Сонда бізде 34 өлшеу орындалған болады. Ауыр монеталар жиынына мүлде енді тиіспейміз. Жеңілдері жиналған 34 монетадан екеуін салыстырып өлшейміз де, жеңілін келесімен өлшеп салыстырамыз. Яғни әр екеудің жеңілін келесі монетамен өлшеп салыстырамыз. Осылайштак 33 рет өлшеу орындаймыз да ең жеңіл монетаны анықтаймыз. Енді ауырлар жиынынан ауыр монетаны да осылайша анықтай аламыз. Яғни тағы да 33 рет өлшеу орындаймыз. Сонда барлық өлшеулер саны 343333100.
30-Есеп. Бірдей 8 тиын берілген. Олардың біреуі жалған және ол басқаларынан жеңіл. Бізде тек зертханалық таразы ғана, яғни тек қай жағының ауыр-жеңілдігін ғана анықтауға болатын таразы бар. Тек екі рет өлшеу арқылы жалған тиынды қалай таба аламыз?
Жауабы: Тиындарды төрт-төрттен екіге бөлеміз. Әрбір бөліктен үш-үштен тиындар алып, оларды таразының екі жағына салып өлшейміз. Егер олардың салмақтары тең болып шықса, онда екі жақта қалған бір-бір тиындарды таразыға салып өлшейміз де жалғанын анықтаймыз (жеңілін). Ал, егер де бір жағы жеңіл болып шықса, онда сол жеңіл жақтағы үш тиынды бөлек аламыз. Содан кейін олардың ішінен екеуін таразыға салып салыстырып өлшейміз. Қай жағындағы жеңіл - сол жалған тиын болады. Ал, егер олар да тең болып шықса, онда жалғыз өлшенбей қалған біреуі - жалған деген сөз.
10) Қазақ халқының тарихи логикалық есептері.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шігесін

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: