Литосфера

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Физикалық география. 6"А" сыныбы.
Ашық сабақ тақырыбы: Литосфера және Жер қыртысы.
Жердің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жердің ішкі және сыртқы құрылысы туралы түсінік беру.
2. Жер қабықтары туралы негізгі ұғымдарды терең меңгерту.
3. Танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып,оқу
материалының ең бастысын,мазмұнын ажырата білуге үйрету
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сұрақ-жауап, оқулықты пайдалану арқылы іздену сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, трек-сызба, видео, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды сабаққа дайындау, түгелдеу,топқа бөлу. )
ІІ. Өткен сабақты қайталау. "Мен- саған, сен- маған" сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ барысында жұмбақ шешу.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаханның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (жер)
-Жердің алғаш пайда болуы туралы видиоролик көрсету. (электронды оқулық)
-Жердің пайда болуы.
-Ғалымдардың болжауынша Жер Күннің төңірегінде айналып жүрген және газ бен тозаң, бұлт түрінде болған. Миллиондаған жылдар бойы суынып, қатты қабыршаққа айналған. Жер бетіндегі атқылаған жанартаулардан бөлінген түрлі газдардан ауа пайда болған. Ал су буларынан мұхиттар қалыптасқан. 8 планета ішінде Жерде ғана тіршіліктің болуын ғалымдар оның Күн жүйесіндегі орны мен қашықтығына , атмосфераның болуына байланысты деп есептейді.
-Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны, пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз ғана Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақыт та болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген е

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: