ы қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Ұлы данышпан атамыз Ыбырай Алтынсарин «мұғалім мектептің жүрегі, өйткені ол бәріне де қымбат» деген екен. Мен де ұстаз болғаныма, шәкірт тәрбиелеп, оларды бойымдағы бар біліміммен тәрбиеленгеніме қуанамын.
Өз мамандығымды мақтанышпен айта аламын, өйткені менің жүрегімнің қалауы да осы ұстаздық еді. «Ұстаз» деген мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын есім. Ол қай жерде жүрсе де әрбір шәкірт болған адамның жүрек түкпірінде болуы тиіс деп ойлаймын.
Ұстаз- адам өміріндегі қымбат жандардың бірі. Ол шәкірттерінің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге және адамгершілікке тәрбиелейді. Осы мамандықты таңдар алдында ұстаз атану менің қолымнан келерме екен деп ұзақ ойланасың. Бірақ көңілің шын ұстаздықты қаласа, оған қол жеткізе де аласың. Шын мұғалім болу деген сөз: шәкіртіңді аялау, уақытынды аямау. Өзің білім берген шәкірттерің үмітіңді ақтап үздік оқыса, үлкен жетістіктерге жетсе, биіктерден көрінсе, ол ұстаз еңбегінің ақталғаны, ұстаз болсам деген арманыңның орындалғаны. Ең бастысы мұғалім өз жұмысына
қойылатын талаптарды терең түсініп, өзін психологиялық жағынан даярлауы міндет. Меніңше әрбір ұстаздың бойында ұстамдылық, өз ойын еркін жеткізе білуі, эмоциялық тұрақтылығы, элеуметтік қарым-қатынас жиынтығын меңгеруі керек. Өз мамандығын мақтан ететін мұғалім қандай болу керек деген сұраққа мен былай деп жауап берер едім:
Біріншіден: мұғалімнің ары таза,адал,
инабатты,сыпайы,парасатты,байсалды,ұстамды,төзімді және кешірімшіл болуы шарт.
Екіншіден: мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін өз ойын шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден: мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасын
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 > >>