Әлемнің ақпараттық бейнесі

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>

ғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13. 5 т. б. ) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Пішімі: const атау 1мәні; атау 2 мәні;. . . . , атау n мәні;
Мысалы, const рі 3. 14; е 2. 7; a bol; max 1000;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.
Пішімі: var айнымалы атауларының
тізімі: тип:
Мысалы: var af, m, n: integer;
h, sg: real;
d, ch: char;
kd, b: boolean;
Операторлар бөлімі
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.
Операторлардың жалпы жазылу түрі:
Вegin
1-оператор;
2-оператор;
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ;
n-1- оператор;
n-оператор
end.
Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.
Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.
Құрама операторлар бір

Страницы: <<  <  24 | 25 | 26 | 27 | 28  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: