Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.
2 2 2
Z ax b cos (ax b) – tg (ax b)
Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған
ax 2 b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол
тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты
көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні
қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер
жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.
алг Z функциясын есептеу
(нақ a, b, x, z )
арг a, b, x
нәт z
басы
a, b, x енгізу
t : ax 2 b
z : t cost tgt
x, z шығару
соңы
Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық
алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x
мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,
ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х
айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.
2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес,
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>