Әлемнің ақпараттық бейнесі

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

ша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.
Сабақты бекіту сұрақтары
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер жатады?
Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?
Үйге тапсырма: 1. 2 - 1. 8 тақырыптарын оқу, 13 беттегі тапсырманы 1,2,3 орындау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі
«» 20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм,
тармақталу алгоритмі, циклдік алгоритм.
Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Д

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: