уыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
Балалар Л дыбысы кездесетін сөздерді айтыңдаршы. Гүл, тал, ал, балық, піл, алау, жалау, бала, лала гүлі, лас, лама.
Балалар қараңдаршы Балдырған сендерге жаңа әріпті көрсетеді. Ол қандай әріп екен? Л әрпін ауада жазайық. Қолдарындағы веерден Л әрпін көрсетіңдер.
Тіл жаттықтыру жаттығуын жасату.
Ра - ра - ра - келді ұшып ара,
Ла - ла - ла - араның үсті ала.
Балалар мен сендерге бүгін ертеңгілік жиында қандай орталықтарда жұмыс жасайсыңдар деп айтып едім, естеріңе түсіріңдерші. Сауат ашу және өнер орталықтарында жұмыс жасаймыз. Л әрпін жазамыз және лақты үзіп жапсыру тәсілі арқылы жапсырамыз.
Балалар енді орталықтарға бөлінеміз.
Балалар өз еріктерімен орталықтарға бөлініп отырады. Сауат ашу орталығында Л әрпін жазады, сөздерді оқиды. Өнер орталғында лақты үзіп жапсыру тәсілі арқылы жапсырады. Сауат ашу орталығында тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды. Өнер орталағында ата-ана жұмыс жасайды.
Қоңырау үнімен балалар ортаға жиналады. Қай орталықта жұмыс жасағандары жайлы әңгімелейді.
Сергіту сәті.
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым,
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар орталықтармен ауысып жұмыс жасайды. Қай орталықта жұмыс жасағандары жайлы әңгімелейді.
Сергітусәті:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша.
Қорытындылау.
Кеспе әріптерден ала, ал, тал, ара сөздерін құрастырту.
Балалар бүгін қай әріппен таныстық?
Л дыбысы қандай дыбыс?
Л дыбысы кездесетін сөздерді айтайық.
Мадақтау, бағалау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3